Республиканың басым бөлігінде бұрқасынды ауа райы сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 16-шы ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.
ҚР-ның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынның тоқтатылуы және температуралық фонның төмендеуі күтіледі, республиканың солтүстік және шығыс жартысы арқылы атмосфералық фронттар қар мен жаяу бұрқасынды сақтай отырып қозғалады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.
Түнде Ақмола облысының батысында тұман күтіледі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының таулы және тау бөктерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы асуларда жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі.
Түнде Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасынмен жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман, түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасынмен желдің 18 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз шығысында бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.