Республиканың басым бөлігінде аязды ауа райы күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігіне аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Оған Моңғолиядан келген антициклон ықпал етеді. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста, оңтүстік циклонның әсерінен қар жауады. 

Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел күшейеді. Республиканың орталық аймақтарында жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы