Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

«Қазгидромет» синоптиктері 4 шілдеде республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас қала – Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 04 шілде күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады. Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 04 шілде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 04 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 04 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүтіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 04 шілдеде найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 04 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы