Республиканың 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 наурызда Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. 

Сәрсенбіде республика қалаларының басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады

Тек Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау және Ақтөбе қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы