Республиканың 19 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 13 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты 19 өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда күндіз найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Шымкентте найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 13 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстік-батысыңда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, түнде облыстың солтүстігінде 1 градус усік күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың шығысыңда, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы