Республикалық жолдарда жарықтарды құю жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол бетіндегі жарықтар уақыт өте келе жол төселімінің барлық қабатын бұзып, жолдағы шағын шұңқырларға немесе жол жамылғысын толығымен ауыстыруды қажет ететін шұңқырлардың пайда болуына алыпкелуі мүмкін.

Жарықтарды құю - бұл жолдағы жарықтарды жоюдың заманауи әдісі, ол күрделі жөндеу жұмыстарынсыз жол жамылғысын пайдалану мерзімін 5-7 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Шұңқырларды құю процесі асфальт-бетон жамылғысының тұтастығын қалпына келтіру процесі деп те аталады.

Жолдағы жарықтарды құю технологиясы үш кезеңге негізделген: жарықшақтың қабырғаларын механикалық тазарту, оның бетін кептіру және жарықтарды арнайы герметикалық материалмен тығыз толтыру.

Бүгінде Қазақавтожол республикалық маңызы бар жолдардың 437 873 метрінде жарықтарды құю жұмыстарын жүзеге асырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы