Елордада республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегелері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы осымен екінші рет өткізілді. Биылғы жылы да олимпиада 27-29 мамыр аралығында астанадағы NURORDA мектеп-лицейінде өтті. Бұл туралы ҚР БҒМ Баспасөз қызметі хабарлады.   


Басты идея – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру. 

Олимпиаданың аудандық және облыстық кезеңдеріне еліміздің барлық білім беру ұйымдарынан 25 808 оқушы бақ сынады. Облыстық кезеңде ең көп оқушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (1056), Алматы (256) және Нұр-Сұлтан қалаларынан (224). келді. 

Республикалық кезеңге Қазақстанның барлық аймағынан 223 оқушы іріктеліп, 219 оқушы қатысты. 

«Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қатысушыларына өте қарқынды және қызықты бағдарлама әзірленді. Интеллектуалды сайыстан басқа, өте қызықты экскурсиялар, психологиялық тренингтер, интеллектуалды және қозғалмалы ойындар өткізілді. Біз бұл олимпиадада оқушыларды облысқа бөлуден бас тарттық және керісінше, оларды пәндер бойынша командаға біріктіруді шештік. Осы сәттен бастап жас олимпиадашылар басқа өңірлерден келген өз құрдастарымен танысып, болашақ олимпиадаға дайындықтарын өз тұрғылықты жеріне қарамастан жүзеге асырады», - деді олимпиада ұйымдастырушылар

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алдын-ала команда жетекшілері ретінде олимпиадаларға қызығушылық танытатын, математика пәні мұғалімдерін арнайы шақырды. Олимпиада аясында өткен семинарда республикамыздың үздік олимпиадалық жаттықтырушылары атақты мұғалім Муаммер Гюль және жас, ең нәтижелі тренер Хаджимуратов Нурсултан мастер-кластар өткізді. 


Қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі дипломдармен - 20 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 28 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен - 47 оқушы және Олимпиада демеушісі «ExxonMobil Kazakhstan Inc.» компаниясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды. 

Бас жүлдені «Жасөспірімдер арасындағы республиканың ең үздік олимпиадалық мектеп» бұрыннан бергі олимпиадалық тарихы бар – атақты Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің, 5 оқушысы 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі. 


Бірінші орын ең танымал олимпиада мектептерінің бірі Алматы қаласы №165 мамандандырылған лицейінің командасына берілді. ІІ орын - Алматы қаласы «Білім-инновация» лицей-интернатына және NURORDA мектеп-лицейіне; ІІІ орын - Қарағанды қаласы №1 «Білім-инновация» лицей-интернатына және Нұр-Сұлтан қаласы Республикалық физика-математика мектебінің филиалына берілді. 

Мектептер рейтингін есептеу халықаралық спорттық және зияткерлік олимпиадаларда қабылданған әдістеме бойынша жүргізілді: алдымен алтын, одан кейін күміс, кейін қола медаль саны есептеледі.
     

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы