Республикалық студенттік омбудсмен тағайындалды

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Ұлан Наукен - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ төрағасы.

Студенттік омбудсмен - студенттердің құқықтары мен мүдделерін әрқашан қорғайтын институт. Студенттік омбудсмен институты 2022 жылы құрылып, 2023 жылдың тамыз айынан барлық өңірде жұмыс атқаруда.

Осыған дейін республикалық студенттік омбудсмен қызметін Айсұлу Ерниязова атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Өзгелердің жаңалығы