Республикалық референдумда әзірге қанша азамат дауыс бергені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов ОРК брифингінде айтты. 

Облыстардың және ресупбликалық қалалардың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, елорда уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың қанша пайызы дауыс бергені белгілі болды, - деді ол. 

Смағұлов атағандай, елордада 48,40 пайыз халық дауыс берген.

16:00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 млн 127 мың 367 азаматы бюллетень алды. Бұл тізімге енген азаматтардың 60,80%-ын құрады. Жаңартылған ақпарат сағат 18:00-де белгілі болады, - деді ол. 

Айта кетейік,Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум болып жатыр. Дауыс беру 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. 

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлді. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңда көрсетілген. Референдумды өткізуге азаматтар ерікті түрде қатысады әрі бұл жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей қатысу құқығына негізделді.

Әкімдіктер дауыс беруге арналған учаскелерді анықтап, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жасауы тиіс. Референдумды әзірлеу мен өткізуді ОСК аумақтық сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырды. Орталық референдум комиссиясының қызметін ОСК атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы