Республикалық олимпиада: астаналық оқушылар 5 алтын, 6 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды

Елордадағы ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының салтанат залында математика, физика пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шарада жеңімпаздарға марапатты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов табыс етті.

18-21 наурыз күндері Астана қаласында өткен олимпиадаға республикалық маңызы бар 3 қаладан, 17 облыстан және 5 республикалық мектептен (РФМС (Астана, Алматы), НЗМ, Абай атындағы ОӨМ, Жас Ұлан ОМ, 1 «Бөбек» ҰБОҚ мектебі) барлығы 26 команда қатысқан болатын.

Теориялық және практикалық турлардан тұратын олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы 5 алтын, 6 күміс және 6 қола медальді қанжығасына байлады.

Математика пәні бойынша: Алтынбек Ерасыл, Таңсықбай Абзал;

Физика пәні бойынша: Жұмаділ Мұхаммедали, Даниэль Тюлюбаев, Амир Пшенбаев І орынды жеңіп алды.

Ал ІІ орынды математика пәні бойынша Саятұлы Абай, Алиасқар Сұдтанәлі, Сайлаубай Бексұлтан, Бекбосын Нұрсұлтан, Амангельдин Айбын, Керімхан Әлбар еншіледі.

ІІІ орынды математика пәні бойынша Ашкен Ілияс, Ырысбекұлы Бақжол, Несіпбек Әлинұр, Молдабек Әділбек;
Физика пәні бойынша Сабыров Мерген, Камалиев Әділхан иеленді.

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары халықаралық олимпиадаларда еліміздің намысын қорғайтын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы