12 Қаңтар 2023 2023, 09:41

Республикалық маңызы бар жолдар түгел ашық

Ауа райының қалпына келуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар шетінен ашылып жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

Ауа райының қалпына келуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар шетінен ашылып жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

Дәл қазір Ақтөбе өңіріндегі «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі учаскесінен басқа күре жолдардың бәрі ашық.

Республикалық маңыздағы тасжолдарда қысқы күтіп ұстау жұмысын атқаруға 611 арнайы техника жұмылдырылды, –  деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясынан.