Республикалық маңызы бар тас жолдың бойында жаңа сервис нысаны пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ инвесторлармен бірлесіп, тас жолдардың бойында 80 жаңа жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын орнатады.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шамамен 500 жаңа жұмыс орнын құрып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жол бойындағы сервис нысандарының көбі көліктердің жүріс қарқыны жоғары республикалық трассаларда орнатылады. Мәселен, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1333 шақырымында (күре жолдың сол жағы), атап айтқанда «Нұр-Cұлтан – Теміртау» ақылы учаскесінде модульдік үлгідегі жаңа павильон орнатылды.
Жол бойындағы қызмет көрсету нысанында ерекше қажеттілігі бар тұрғындар үшін барлық жағдай жасалып, арнайы санитарлық-гигиеналық торап арнатылды. Модульдік павильонда сауда алаңы да бар. Сонымен қатар, жақын жерде жүргізушілер үшін арнайы демалыс алаңы да қарастырылған.
ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарын одан әрі дамытуға шағын және орта бизнес өкілдерін тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Инвесторларға бос тұрған демалыс алаңдарын ұсынамыз. Бүкіл процесс бойы, яғни нысан пайдалануға берілгенге дейін, құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп, заң аясында кеңес береміз. Қызығушылық танытқан азаматтар 1403 қысқа нөмірі бойынша біздің бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталыққа хабарласа алады. Барлық ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз. Әлеуетті инвесторлар үшін бір ғана талап бар - бұл ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, яғни пандустар, тіректер, тұтқалар және арнайы әжетханалар орнату, - деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ жол бойындағы сервисті дамыту бөлімінің басшысы Диас Арынов.
Алдағы уақытта дәл осындай тағы бір модульдік павильон осы трассаның қарама-қарсы оң жағында пайда болмақ. Қазір оның құрылысы аяқталу сатысында.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта республикалық трассалардың бойында 1600-ден астам жол бойындағы сервис объектілері және 620-ға жуық бос тұрған демалыс алаңдары бар. Сонымен қатар, QAJ mobile арнайы мобильді қосымшасы жұмыс істейді, онда жол бойындағы сервис объектілеріне қатысты барлық өзекті ақпарат бар.