21 Қараша 2022 2022, 11:20
Республикалық маңызы бар күре жолдар ашық
Өткен демалыс күндері республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу барысында жолшылар 1000 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен демалыс күндері республикалық маңызы бар автожолдарды өңдеу барысында жолшылар 1000 м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін республикалық тасжолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 312 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Олардың қатарында автогрейдерлер, шнекороторлар, қар тазалайтын жабдықтармен қамтылған тиегіштер, тракторлар және т.б. бар. Сондай-ақ, аталмыш жұмыстарға 450 жолшы-маман тартылды.
Сонымен қатар, демалыс күндері ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығының (1403 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады) қызметкерлері республикалық автожол пайдаланушыларынан келіп түскен 1500-ден астам қоңырау өңдеді.
Қысқы күтіп-ұстау жұмыстары штаттық режимде жалғасуда.
Республикалық маңыздағы тасжолдар ашық.