Республикалық маңызы бар автожол жабылды

Атырау облысы Жылыой ауданында "Доссор-Құлсары-Ақтау" республикалық маңызы бар автожолын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Атап айтқанда, "Доссор-Құлсары-Ақтау" республикалық маңызы бар автожолының 103-104 шақырымында Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты автожол арқылы су тасқыны орын алды. 4-119 учаскелері автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Жергілікті атқарушы орган және аудандық полиция бөлімі күштерімен кезекшілік ұйымдастырылды.

Ескерту белгілері орнатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы