Республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде баяндады.
«Аталған заң жобасы Мәжіліске 2019 жылдың 1 қазанында енгізілді. Заң жобасы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы іс-шаралары, ҚР Тұңғыш президенті Елбасының Nur Otan партиясы XVIII съезінде берген тапсырмаларын, президенттің жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру мақсатында Үкімет алдына қойылған бірқатар міндеттерді шешуге, сондай-ақ 2019 жылғы бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша 2019 жылғы 6 қарашаға дейінгі уақытта әзірлеуді қолдауларыңызды сұраймыз», - деп сөзін түйіндеді Қарақұсова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы