Республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық автожолдарды су басып, шайып кетуін болдырмау үшін су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан басқа, жол қызметтері өкілдерінен орталықта және өңірлерде комиссиялар құрылды.
Жоспар аясында 482 қауіпті жол учаскесі, 59 көпір және 739 су өткізу құбыры бақылауға алынды.
Объектілерге 883 жол-пайдалану техникасы бекітілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жолдар мен жол құрылыстарына күнделікті патрульдеу жүргізіледі.
Сонымен қатар су өткізу құбырлары мен көпірасты аймақтардың арналарын қардан тазарту жұмыстары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы