Республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бүгін, 9 желтоқсан сағат 20:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынмен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол ө/п)» автожолының 341-367 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Келлеровка ауылы);
- «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы» автожолының 834-856 шақырым аралығы (Чистополье ауылы - Ақмола облысының шекарасы);
- «Жезқазған – Петропавл» автожолының 595-671 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Тоқсан Би ауылы);
- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шек. (Бидайық ө/п)» автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы - Чкалов ауылы);
- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-91 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасынан - Саумалкөл ауылына дейін).
Қостанай облысы:
- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасы).
Қарағанды облысы:
- «Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін);
- «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 51-101 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Нұра елді мекеніне дейін).
Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.