Республикалық 3 автожолдың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
«ҚазАвтоЖол» мекемесі ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір жолда қозғалыс шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының нашарлауына (нөлден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ) және жолдарды тазалауға байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жамбыл облысында - 1 учаске (79 км)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) -79 км;
Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.
Ақтөбе облысында - 1 учаске (176 км)
1. "Самара-Шымкент" а/ж. 526-702 км. Батыс Қазақстан обл.шек - Маржанбұлақ а.-176 км;
Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады
Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (132 км)
1. "Самара-Шымкент" а/ж. 394-526 ам. Жымпиты к. - Ақтөбе обл.шек. -132 км;
Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 363 техника жұмылдырылды.