Республикалық маңызы бар автожолдарды да «Сергек» бақылайтын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында «Сергек» камералары орнатылатын болды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.

Нұр-Сұлтанда БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы келесі жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «Сергек» камераларын орнату жұмыстары басталатынын атап өтті. 

 «Сергек» камералар автомобиль жолдарындағы жол жүрісі ережелерін бұзу фактілерін тіркейді.


Бізде арка орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аркаларды «Сергек» компаниясы орнатып, оларға камералар ілінеді. Камералар қаладағыдай жұмыс істеп, жол жүрісі ережелерінің бұзылуын тіркеп отырады. Яғни республикалық жолдарда жол жүру қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмыс жүргізіледі, - деді Әліпов. 
Айтуынша, автобанда рұқсат етілген жылдамдық сағатына 140 шақырым болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы