Республикалық автожарысқа қатысушылар Ақмола облысында жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған республикалық автожарысқа қатысушылар Ақмола облысында болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.
Республикалық автожарысқа қатысушылар Макинск қаласындағы ескерткіш скверде шейіт болған интернациналист – жауынгерлердің аруағына тағызым етіп, бір минут үнсіздік жариялады және гүл дестелерін қойды.
«Сол жылдары Бұланды ауданынан 50 бозбала кеңес әскері қатарына алынған. Оның төртеуі Ауғанстан демократиялық республикасы аумағында әскери міндетін орындау кезінде көз жұмды», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Өзгелердің жаңалығы