Республикада сауда балансындағы пайда артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.
2021 жылы төлем балансының ағымдағы шотының тапшылығы (-)5,7 млрд доллар болды. Ағымдағы шоттың теріс сальдосының қысқаруы сауда балансы жай-күйінің жақсаруына байланысты. Сауда балансының профициті 2020 жылғы 10,3 млрд доллардан 2021 жылы 20,7 млрд долларға дейін екі есе ұлғайды. Профициттің өсуі тауарлар экспортының өсуімен қамтамасыз етілді. Алдын ала деректер бойынша, ағымдағы шот 2022 жылдың бірінші тоқсанында профицитпен қалыптасып, 2,2 млрд доллар болды, - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.
Айтуынша, ағымдағы шоттың теріс сальдосының оң аймаққа ауысуы сауда балансының жақсаруына байланысты.
Сауда балансының профициті 6,3 млрд долларға ұлғайып, 9,9 млрд доллар болды. Профициттің өсуі мұнай бағасының өсуіне байланысты тауарлар экспортының импорттан озып өсу қарқынымен қамтамасыз етілді. Инфляцияның жоғары деңгейі экономикалық өсудің сапасына және азаматтардың әл-ауқатына кері әсер етеді. Соның салдарынан дамыған, сол сияқты дамушы елдердің көптеген орталық банктері инфляциялық қысымды төмендету және халықтың сатып алу қабілетін сақтау үшін негізгі мөлшерлемелерін көтеру цикліне көшті. Осы жағдайда Ұлттық банк инфляциялық құбылудың күшеюін болдырмауға назар аударады және орта мерзімді перспективада баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді басты мақсат етіп ақша-кредит саясатын іске асыруды жалғастырады, - деді Ғалымжан Пірматов.