«Республика» партиясы сайлауға қатыса алмайды - ОСК

Орталық сайлау комиссиясында саяси партияларды сайлауға жіберу мәселесі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

20 қаңтардан бастап кандидаттарды ұсыну басталды.

Саяси партиялар туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты.

Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкес партиялық тізімдер бойынша 70% сайланатын партиялар кандидаттарын ұсыну тек саяси партияларға тиесілі. Қазіргі таңда Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген және жұмыс істеп отыр. Барлық саяси партиялардың жарлығында партия мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну көрсетілген. Саяси партиялық тізімге енгізілген адам бір мандаттық сайлау округі бойынша ұсынылуға құқығы жоқ,-деп атап өтті ол.

Сондай-ақ елімізде алты саяси партияның филиалдары мен бөлімшелері тіркелген. Оның бесеуінің өңір  бойынша бөлімшелері бар. 

Атап айтқанда, Қазақстан халық партиясы-20, Ауыл партиясы -21, Жалпы ұлттық социалдық партиясы-21, Аманат партиясы-250, Ақжол партиясы-21 филиалдары тіркелген. Байтақ партиясының – 3 бөлімше тіркелген. Сонымен қатар кеше ғана құрылған «Республика» партиясында құрылымдық бөлімшелер тіркелмеген,-деді ол.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров партиялардың сайлауға жіберу қаулысын қабылдауда «Республика» партиясын мәслихаттар депуттаттарының сайлауына қатысуын мақұлдамады.

«Байтақ» партиясының тек үш өңірде бөлімшелерінің болуына байланысты олар мәжіліс депутаттығына сол өңірлерден кандидаттарды ұсына алады. Ал «Республика» партиясы бөлімшелерінің жоқтығына байланысты өз кандидаттарын ұсына алмайды. Бірақ, 8 ақпанға дейін партия өз бөлімшелерін ашатын болса, мәжіліс депутаттары сайлауына қатысатын болады,- деп атап өтті ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы