Республика күніне орай қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өтті

25 қазан – Республика күні қарсаңында елордада журналистер мен қаламгерлер арасында арасында бильярдтан турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ELORDA AQPARAT медиа компаниясының ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігінң қолдауымен өткен тастаяқ жарысында үлкен, орта және кіші буын қаламгерлер қауымының өкілдері бақ сынады.

Дүбірлі додаға бильярдтың комбинированная пирамида және еркін пирамида сияқты түрлерінен әлемнің екі дүркін чемпионы Ернат Шынбаев төрелік етті.

Сондай-ақ Ернар Астана әкімінің орынбасары Есет Байкенмен ойын ойнап, шеберлік дәрісін өткізді.

Жазушы қоғам қайраткері Төлен Әбдік, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

Ал жазушы Уәлихан Қалижан Шерхан Мұртаза атындағы арнайы жүлдемен марапатталса, жазушы, ғалым, тарихшы Қойшығара Салғараұлы Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге Сенатор Нұртөре Жүсіпке «Мерген» арнайы жүлдесі бұйырса, ақын Несіпбек Айтұлы «ең мәдениетті ойыншы» жүлдесін қанжығалады.

Бәсекенің көркін қыздырған нағыз «мергендер» арасынан журналист Нұрділда Ораз турнирдің чемпионы атанды (200 мың теңге ақшалай сыйлық).

Жүлделі екінші орынды журналист Ахмет Қайратұлы иеленді (150 мың теңге).

Ал жүлделі үшінші орын ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, журналист Жанарбек Әшімжан мен журналист Ербол Ерденбекке бұйырды (100 мың теңге).

Турнир көп жылдар тасада елеусіз қалып, қайтадан жанданып, өз орнын алған Республика күнінің құрметіне өтіп жатыр. Бұл күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Қазақ тарихындағы ең маңызды оқиға, тәуелсіздіктің бастауы деп айтуға да болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда бұл күннің маңызын нақтылаған еді. Сөйтіп, 25 қазан еліміздің ең басты мерекесіне айналды. Соның құрметіне журналистер арасында алғаш рет осындай турнир өткізіп отырмыз. Өздеріңіз көргендей, Астанадағы қаламгерлер, үлкен жазушы ағаларымыз қатысып, жарыстың мәртебесін көтеріп жатыр. Бұйырса бұл шараны жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырп тұруға ниеттіміз, - дейді « Астана ақшамы « газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы