Республика бойынша жел күшейеді
Қазақстан бойынша 2024 жылғы 15-17 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктер жаңбыр жауып, ауа температурасының төмендеуі байқалатынын айтты.
Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ күтілуде. Қатты жаңбыр 15-17 тамызда солтүстік-батыста және солтүстікте, 16 тамызда орталықта, 17 тамызда Қазақстанның шығысында күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде, - делінген хабарламада.
Еліміздің басым бөлігінде температураның төмендеуі болжанады: күндіз республиканың батысында +18+28°С дейін, солтүстік-батыста +15 + 26°С дейін, солтүстікте +18 + 23°С дейін, тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында, күндізгі уақытта +35+38°С қатты ыстық сақталады, 15 тамызда еліміздің оңтүстігінде +41°С қатты ыстық сақталады, орталығында +35°С да қатты ыстық болады деп күтілуде.