Республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Синоптиктер 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика бойынша негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде тұман түсіп, үсік жүреді. Синоптиктер желдің күшеюін де болжап отыр.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың шығысында жаңбыр жауып және қар жауады.

Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстігінде, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы