Республика бойынша бұрқасынды ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 29-шы желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

ҚР солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс циклон шұңқырының өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, жаяу бұрқасынмен жел күшейеді. Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, Алакөл көлдері ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста, облыстың орталығында тұман болады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 

Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы