Бүгін республика бойынша мамандандырылған ХҚКО жұмысы тоқтап қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 12-ден бастап, техникалық ақауға байланысты республика аумағында мамандандырылған ХҚКО-да қызмет көрсету тоқтатылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.
17 сәуір күні сағат 12-ден бастап техникалық себептерге байланысты республика аумағында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында және әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөліністерінде автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылды.
"Қазіргі уақытта орын алған техникалық ақау жөнделіп, сағат 17. 00-ден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету штаттық кестеде жүзеге асырыла бастады", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылжарда мектеп оқушылары «кітап жеуден» жарысты
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы