Respublica-дан мәжіліске кімдер барады

Белгілі кәсіпкер, әрі саясаткер, Respublica саяси партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін ОСК Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады. 

Respublica Partiyasy 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алып, үшінші орынға ие болды. 

Аталған партиядан Мәжіліске партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары - Динара Шүкіжанова мен Руслан Берденов, сондай-ақ Динара Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков барады.

 Мен және менің әріптестерім бізге көрсеткен сенім үшін шын жүректен алғыс айтамыз және сіздің таңдауыңыздың дұрыстығын сөзбен емес, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін нақты істермен дәлелдеуге уәде береміз! - деп жазды Айдарбек Қожаназаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Боксшылар елге оралды
Өзгелердің жаңалығы