Респонденттердің 78 пайызы Конституциялық реформаны қолдайды – Шаймарданов
Стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Жандос Шаймарданов жақында Қоғамдық пікір институты Конституциялық реформаға қатысты өткізген сауалнаманың нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол осы зерттеудің нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 79 пайызы жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаны уақытылы деп санайтынын жеткізді.
Сонымен қатар, азаматтардың едәуір бөлігі Конституциялық өзгерістерді жеке әл-ауқаттың артуы және өмір сапасының жақсаруымен тікелей байланыстырады. Атап айтқанда респонденттердің 65 пайызы ұсынылып отырған өзгерістер олардың өміріне оң әсер етеді деп сенеді. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі, яғни респонденттердің 78 пайызы Конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді, - деді институт басшысы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында.
Жандос Шаймарданов қоғамдық пікірді зерттеу Конституциялық реформа азаматтардың кеңінен талқылауға қатысуына жол ашқанын көрсететінін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мал шаруашылығы өсім көрсетті: Өндіріс артты, экспорт ұлғайды
Келесі жаңалық
Қызылордада 23 әскери қызметкер отырған көлік апатқа ұшырады
Өзгелердің жаңалығы