Ресми түрде аусыл жоқ деп танылған аймақтардың мәртебесі тағы расталды

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының Жануарлар аурулары жөніндегі ғылыми комиссиясы жыл сайын ресми түрде танылған елдер мен аусылсыз аймақтарды қайта растауды қарауын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұрын ресми түрде аусыл жоқ деп танылған аймақтарды жыл сайынғы қайта растау аяқталды. Бұл туралы АШМ жазды.

Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс 5 аймағының вакцинациямен аусылдан азат ету мәртебесін қайта растау ұсынылды. 

Аталған 5 аймаққа Алматы, ШҚО, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары кіреді. Аталған аудандардың аусыл ауруы бойынша мәртебесі 2017 жылы алынған болатын. 

Сонымен қатар, Жануарлардың аурулары жөніндегі ғылыми комиссия жыл сайын Африкалық обадан азат елдер мен аймақтардың мәртебесін қайта растау мәселесін қарастырды, оның нәтижесі бойынша Қазақстанның осы аурудан азат мәртебесін растауды ұсынды.

ДЖДҰ-ның стандартты операциялық процедураларына сәйкес, ғылыми комиссия мамыр айында Парижде өтетін 90-шы Бас сессияда Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының делегаттар Ассамблеясының қабылдауы үшін қарар жобасын ұсынатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы