Ресеймен әрі қарай ынтымақтастықты ұлғайтамыз - Үкімет басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-Министр Әлихан Смайылов ел экономикасын дағдарыстан сақтау үшін қандай шаралар қабылданғанын айтты.
Сөз басында Сымайылов көрші мемлекеттегі ахуалға тоқталды.
Ресей - сауда-экономикалық серіктес мемлекет. Сондықтан біз бұл мемлекетпен әрі қарай ынтымақтастықты ұлғайтамыз. Ресеймен тарихи және сауда-экономикалық байланыстарымыз өте тығыз. Ол елде болған әртүрлі жағдай, әрине бізге өз әсерін тигізеді. Мәселен, жыл басында геосаяси оқиғалар орын алды, ол мәселелер бізге тікелей әсерін көрсетіп отыр. Сол себепті біз дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін қабылдадық, - деді Премьер «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында.
Үкімет басшысы жыл соңына дейін қабылданған ағдарысқа қарсы жоспармен таныстырды.
Ол жүйелі және жедел шаралар. Мысалы, Ұлттық банкпен бірлескен шара шеңберінде біз теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыру бойынша бірқатар шешім қабылданды. Мәселен, теңгелік депозиттерді қолдау, мемлекеттен шетел валютасын шығаруға шектеу қою. Соның арқасында өздеріңіз көріп отырсыздар теңгенің айырбас бағамы салыстырмалы түрде тұрақты болып отыр, - деді Әлихан Сымайылов.