Ресейлік спортшы Сочи олимпиадасындағы алтынынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік биатлоншы Евгений Устюгов антидопинг ережелерін бұзды деп айыпталып, 2014 жылы Сочи олимпиадасында алған алтын медалінен айырылды.

Бұл туралы ТАСС агенттігінің сайтында хабарланды. 

Устюгов тыйым салынған затты (оксандролон) пайдаланғаны үшін айыпталып отыр. 2013 жылғы 27 тамыздағы спортшының нәтижесі, барлық медальдары мен ұпайы және сыйлықтары дисквалификацияланды. 

Күші жойылған нәтижелерінің қатарында Устюговтың 2014 жылғы Олимпиада ойындарында эстафетадан алған алтын медалі де бар. Сонымен бірге, сенбі күні Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Устюгов пен Олимпиада чемпионы Светлана Слепцованың екі жылға жарыстан шеттетілгенін растады. 

Устюгов 2010 жылғы Олимпиада ойындарының масс-старт бойынша чемпионы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы