Ресейлік сарапшы Америкадан төнетін «нағыз қауіпті» атады
Астана, BAQ.KZ. Arleigh Burke секілді зымыран қаруды басқаратын америкалық эсминецтер ресейлік зымырандар мен кемелерге аса қауіп төндіріп тұр.
Бұл туралы «Звезда» басылымы ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты жанындағы Әскери-политехникалық зерттеу орталығының жетекші сарапшысы Владимир Козиннің сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
«Arleigh Burke — зымыран қаруды басқаратын эсминец. Оның 98 зымыран-тосқауылы, қанатты зымыраны, суасты кемелермен күреске арналған зымыраны, кемеге қарсы зымыраны бар бар. АҚШ-тың 2040 жылға қарай аяқталатын қазіргі кемеқұрылысы бағдарламасына сәйкес, 84-тен 96-ға дейін кемесі болуы тиіс. Олардың зымыран қорғанысына қарсы жүйесі бар және теңіздік базадағы қанатты зымырандармен қаруланған болады. Міне, бұл – нағыз қауіп», - деді сарапшы «Звезда» басылымына.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Астана мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы