Ресейлік сарапшы: Қазақстанның экономикалық дамуының ауқымы таңқалдырады

Пенза облысының губернаторы Олег Мельниченко елордада өткен бауырлас қалалар форумында Қазақстан мен өңірдің қай салада серіктестік орнатқанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Пенза облысының қуатты индустриялық, инновациялық, ғылыми-зерттеу және ауыл шаруашылығы әлеуеті, құрылыс индустриясының заманауи базасы, дамыған көлік және телекоммуникациялар бар. Көптеген аймақтық кәсіпорын Ресейдің заманауи салаларында көшбасшы екенін мақтанышпен айта аламын. Олардың халықаралық сапа сертификаттары бар. Бүгінгі таңда Қазақстан Пенза облысының стратегиялық маңызды әлеуметтік-экономикалық әріптестері мен сауда контрагенттері тобына берік еніп отыр, - деді ол.

Айтуынша, Пенза облысы Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімдерге келген.

10 жылдан астам уақыттан бері, яғни 2012 жылдың қараша айынан бастап Пенза облысы Астана қаласы әкімдігімен серіктес екенін ерекше атап өткім келеді. Былтыр өңірдің Қазақстан Республикасына жеткізілетін жалпы экспорт көлемінің 22 пайыздан асуы біздің сауда-экономикалық қатынастарымыздың маңыздылығы мен үлкен даму перспективаларын растайды. 2022 жылы облыстың Қазақстан Республикасымен тауар айналымы 5 миллиардтан астам рубльді құрады, оның ішінде экспорт – 4,6 миллиард, - деп атап өтті сарапшы форумда.

Ол өнеркәсіптік кәсіпорындардың, құрылыс материалдары, бұйымдар мен жабдықтар, фармацевтикалық өнімдерді, дыбыс жазатын және қайта шығаратын құрылғыларды өндірушілердің өнімдері сұранысқа ие екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік, жалпы алғанда экономикалық дамуының ауқымы, күрделі құрылыстың қарқынды өсуі мен ауқымы таң қалдырады. Оған мысал ретінде Астананы келтіруге болады. Мұнда қарқынды дамып келе жатқан ғылыми және университет орталықтарынан басқа мұражайлар, көрме кешендері мен театрлар бар. Астананың 25 жылдық мерейтойы жылында өткізіліп отырған бұл форум сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға ғана емес, бізді байланыстыратын достық байланыстарды нығайтуға да қызмет ететініне сенімдімін, - деп айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы