Ресейлік өнімдерден стафилококк пен ішек таяқшасы табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының дүкен сөрелеріне түскен ресейлік өндірушілердің ет өнімдерінен қауіпті бактериялар анықталды.

Бұл туралы ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық сараптама орталығының мамандары өндіруші «Чинкова» ЖК (Челябі облысы) ұсынған «Премиум» пісірілген шұжығынан патогенді стафилококк тапты.


Сондай-ақ Қостанай облысы бойынша ҰСО мамандары ресейлік өндіруші «Смирнов» ЖК (Челябі облысы) өнімдерінің «Котлетный» бройлер-балапандар етінен жасалған жартылай фабрикатта ішек таяқшасы тобының бактериясын анықтады.


Ішек таяқшалары тобының бактериялары «Саран консерві зауыты» АҚ (Мордовия Республикасы, Ресей) өндіретін қойылтылған сүт сынамаларынан да табылды.

Үлгілерді ағымдағы жылдың қаңтар айында халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі шеңберінде ҚР ДСМ СЭБК Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сатып алды. Бұл зерттелген өнім «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 021/2011, «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 034/2013, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 033/2013 Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді. Қазір санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулыққа қауіпті өнімдерді алу және жою бойынша шаралар қабылдауда, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы