Ресейлік нөмірі бар көліктерге ешқандай шектеу жоқ – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шетелдік есепте тұрған автокөліктерді тіркеу ережелеріне қатысты түсініктеме берді.
Бұл ресейлік көліктерге қатысты емес, - деді Қожаев.
Оның айтуынша, мұндай ережелер бұрыннан бар.
Қырғыз және армян нөмірі бар авто иелеріне көлікті тіркеу үшін Қазақстан шекарасынан кем дегенде 30 күнге шығып, кейін қайта кіру керек. Барлық көлік иелері осыны істеуі тиіс, егер көлік Қазақстан кеденінен ЕАЭО аумағында бекітілген ережелерден тыс өтіп кеткен жағдайда. Бізде екі ел бар – Қырғызстан және Армения. Оларда 2020 жылға дейін кедендік ресімдеудің жеңілдетілген кезеңі болған. Яғни осы екі елде кедендік баж салығы Ресей, Беларусь және Қазақстан сияқты ЕАЭО-ның басқа мүшелеріне қарағанда әлдеқайда төмен болды. Сондықтан, бұл тек Қырғызстан мен Армения азаматтарына ғана таралады. Олар өз автокөліктерімен бізге уақытша кіру ережелері бойынша келіп, еркін жүре алады, - деп түсіндірді ведомство басшысының орынбасары.
Қазақстандықтарға келетін болсақ, олар бастапқыда осы машиналарды толық кедендік тазартудан өткізуі тиіс еді. Ішкі істер министрлігі оларды бірнеше рет ескертті, алайда көбі ереже сақтамай бермейді.
Егер біздің түсіндіру жұмыстарымызбен таныс болсаңыздар, өткен жылдары қырғыз көліктеріне қатысты мәлімет бердік. Бір-екі жылдан бері армян көліктері туралы айтып келеміз. Алайда біздің азаматтар мұны ескермейді. Сондықтан қазір осы бұзушылықтарды әкімшілендіру сатысына көшіп жатырмыз. Біздің азаматтар не кедендік тазалауды толығымен жүргізеді, не машиналарын сыртқа шығарады. Біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз, - деп нақтылады ІІМ өкілі.
Оның мәліметі бойынша, бұл ережені бұзғандар үшін жауапкершілік қарастырылған. Кедендік тазартудан өтпеген көлік иелері үшін әкімшілік жауапкершілік те қарастырылған.