Ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиев қазақша ән жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік танымал әзілкеш, КВН ойыншысы Азамат Мұсағалиев Instagram желісінде қазақ тілінде ән айтқан видеосын жария етті.

Пікір жазған қолданушылардың кейбірі тіпті, ән сөзін түсінбесе де, әсерленгенін айтып жатыр. Ән «Сен» деп аталады. 


View this post on Instagram

Публикация от Азамат Мусагалиев (@azabraza1984)


Азамат Мұсағалиев - Ресейде туып-өскен қазақ, актер, әзілкеш, тележүргізуші. «Сборная Камызякского края» КВН командасының капитаны, «Однажды в России» шоуының қатысушысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы