Бүкілресейлік грек-рим турнирінде ақмолалықтар топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының спортшысы грек-рим күресінен Бүкілресейлік турнирде үздік атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Тарасовты еске алуға арналған грек-рим күресінен 37-ші бүкілресейлік турнир Нижний Тагилде өтті. Алтын алқа үшін Ресей, Қазақстан және Қырғызстаннан 100-ден астам спортшы күресті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дастан Зарлыханов жеңімпаз атанса, оның інісі Дамир 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленді - делінген хабарламада.
Ағайынды палуандарды Егор Мукштадт жаттықтырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
180 бейнебақылау орнатылған ауыл
Өзгелердің жаңалығы