Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін елден шығарылды
Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін елден шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғандары үшін Ресей Федерациясының 69 және 71 жастағы азаматтарын әкімшілік жауапқа тартты Ерлі-зайыптыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен әкімшілік материалдар толтырылды.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды, – Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері көлік полицейлері Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 986 азаматты, оның ішінде қос азаматтығы бар 38 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ, сот қаулысымен 155 шетелдік елден тыс шығарылды.