Ресейлік депутат Қазақстан аумағына қатысты сөздерін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ Мемлекеттік Думасы Білім және ғылым комитетінің басшысы Вячеслав Никонов ресейлік «Бірінші канал» арнасы эфирінде айтылған Қазақстан аумағына қатысты сөздерін түсіндірді. 

Қазақстан Республикасының шекарасына айналған Қазақ КСР шекараларын шегендеу кезінде Қазақстанның мүддесі толық көлемде сақталды деп ойлаймын. Бұл туралы Мен «Большая игра» бағдарламасында айттым. Осы мүмкіндікті пайдала отырып, бауырлас Қазақстан халқына деген жылы сезімімді тағы бір рет білдіргім келеді, - деді Никонов өзінің Telegram каналында.

Бұған дейін Қазақстан СІМ Никоновтың сөзіне байланысты Ресей Федерациясына нота жіберген болатын. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов РФ Уақытша Сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесу барысында «Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы Білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың «Первый канал» эфирінде «Қазақстан аумағы - бұл Ресей [және Кеңес Одағы] тарапынан үлкен сыйлық» деген сөзіне қатысты түсінбестік білдірді. Қазақстан СІМ кейбір ресейлік саясаткердің Қазақстанға қатысты арандатушылық шабуылдарының жиілеп кетуі мемлекеттер арасындағы одақтастық қатынастарға елеулі залал келтіретінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей Федерациясы Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың арандатушылық сөзіне қарсы пікір білдірген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы