Ресейлік дәрігер коронавирустың қашан тоқтайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік дәрігер Александр Мясников коронавирустың ауыздықталу мерзімін атады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бәріңіз де бұл қашан аяқталады, соны білгілеріңіз келеді, білемін. Егер біз коронавирустық індет туралы айтатын болсақ, ол бір ай ішінде - сәуір айының ортасында тәмам болады, өйткені мұның бәрі белгілі бір заңдарға бағынады, - деді Андрей Разин Instagram-дағы видеосында.Оның айтуынша, коронавирус, әдеттегі ЖРВИ секілді түшкіру, жөтелу сипатында болады. Сол секілді пневмонияны да тудыруы мүмкін.
Бізге бұрыннан белгілі адамдағы коронавируста егде жастағы адамдардың шамамен 10% өлімге әкеледі. Вирус қыс сайын бас көтеріп отырады, бірінде болмаса, басқасында болады. Сондықтан қазір бәрі азаяды, жазда, тіпті біз оны ұмытып та кетеміз, бірақ күзде тағы бас көтеруі мүмкін. Біз оның қалай жұғатынын нақты білмейміз. Мысалы, ешқайда шықпай, ешкіммен байланыспай коронавирус жұқтырған жағдайлар болған. Сондықтан біз ол туралы әлі көп нәрсе білмейміз, - дейді маман.Ол коронавирустың жүздеген вирустың бірі ғана екенін айтады.
Біз 5 түрлі вирусты білетінбіз, ол енді алтау болды. Ол да ЖРВИ-ны тудырады ... Мен бүгінгі дүрбелеңді түк түсінбедім: 146 миллион адамның 200 адамы түшкіріп-пысқырған, нашарлау белгілері жоқ, өлім жоқ. Біз сонда қанша уақытқа дейін карантинде боламыз? Карантин, әрине дұрыс нәрсе, бұл оның таралуын тоқтатудың жалғыз жолы, біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді ол.
Сонымен бірге Александр Мясников психологиялық тұрғыда бір айдан ары бұлай жалғасуға болмайтынын атап өтті.
Мұндай қатал шараларды ел экономикасы тұр ғой адамдардың психикасы да көтере алмайды. Сондықтан, менің ойымша, біз бір айды бағытқа алуымыз керек. Міне, сонда бәрі өтеді де кетеді, сондықтан үрейленбеңіздер, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Әзербайжан астанасы карантинге жабылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы