Ресейлік әнші Акмаль қазақстандықтарға 6 млн теңге қайтаруы тиіс
2025 жылдың 18 қарашасынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі тиіс болған әнші Акмальдың концертінің өтпей қалуына байланысты азаматтардан 100-ден астам өтініш түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылдың 18 қарашасынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі тиіс болған әнші Акмальдың концертінің өтпей қалуына байланысты азаматтардан 100-ден астам өтініш түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тұтынушылар билеттерді eventticket.kz сервисі арқылы сатып алған, сондықтан бұл электронды түрде ақылы қызмет көрсету шартының жасалғанын растайды. Алайда концерт белгіленген күні өткізілмей, ұйымдастырушы тұтынушыларға билет қаражатын қайтармаған.
Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Осыған байланысты ұйымдастырушы – жеке кәсіпкерге барлық зардап шеккен тұтынушыларға билет құнын толық көлемде қайтару туралы ресми хабарлама жолданды. Ұйымдастырушы тұтынушыларға 6 миллион теңгеден астам қаражат қайтаруы тиіс.
Егер қаражатты қайтару туралы талап орындалмаса, Департамент Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 5-бабы 8-тармағына сәйкес, сатып алынған билеттердің ақшасын қайтару мәселесі бойынша сотқа жүгінеді, - деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы.
Департамент жағдайды бақылауда ұстайды және тұтынушыларды өз құқықтары бұзылған жағдайда жедел түрде хабарласуға шақырады.
- Президент: Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға зиян тигізуді ойлап жүр 15:25
- Тоқаев: Ешкім заңнан тыс қалуға құқылы емес – бұл менің берік ұстанымым 15:21
- Президент: Заң мен сот алдында бәрі тең, «өзіміздікі» және «бөтен» деп бөлуге жол берілмейді 15:08
- Тоқаев: Конституцияны күлкі қылғандар қатаң жазаланады 15:06
- Астанада жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау қағидаларын бекіту жоспарлануда 15:06
- Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленеді: Азаматтар мен кәсіпкерлер үшін не жаңарады? 15:05
- Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады 15:01