Ресейге есірткі алып өтпек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайлық полиция қызметкерлері шекарадан есірткі затын өткізбек болған үш жүк көлігінің жүргізушісін ұстады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға бүгін Қарабалық ауданында болған. Полицейлер шекара қызметінің әскерилерімен бірге "Қайрақ" кеден бекетінде тексеру шараларын өткізген Тексеру барысында гашиш пен марихуана есірткі затын жасырған үш жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде аймақта есірткіге қатысты жалпы саны 43 қылмыс анықталып отыр. Жалпы облыста жарияланған төтенше жағдайға қарамастан есірткі пайдаланушылар саны азаймай тұр. Шектеу енгізілгелі 25 адам есірткі пайдаланғаны үшін ұсталды. Сондай-ақ есірткі құралдарын сақтау бойынша – 2, есірткі сату бойынша – 13, ал есірткі контрабандасы бойынша 3 қылмыс тіркелді, – делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы