Ресейге 60 тоннаға жуық өнім кері қайтарылды

Ресей Федерациясына фитосанитарлық сертификаттың жарамсыздығына байланысты 45 тонна кептірілген ноқат өнімдері, сондай-ақ фитосанитарлық сертификатсыз (4 автокөлік) келген 14 тонна жеміс кері қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысының «Қарасу» ФББ-не фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмейтін 35 тонна картоп қайтарылды, яғни қаптарда міндетті таңбалау болмаған.

ӘҚБтК-ге сәйкес өнім өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, сондай-ақ барлық өнім экспорттаушы елге қайтарылды.

Анықтама: бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес карантинге жатқызылған өнімнің әрбір қаптамасына Өнімнің атауы, әкімшілік-аумақтық бірлігі, өндіріс орны туралы ақпаратты қамтитын таңбалау қойылады.

Сонымен қатар, Батыс-Қазақстан облысында орналсқан «Сырым» ФББ-де талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер кері қайтарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы