Ресейдің Тюмень облысында төтенше жағдай жарияланды

Ресейдің Тюмень облысында орман өртіне байланысты төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күн жылынған соң жұрт табиғат аясында демалып, қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамаған. Тілсіз жауға осы себеп. Ол аздай қазір өңірде күн ыстық әрі жел соғып тұр. Бұл қызыл жалынның тез таралуына ықпал етіп отыр.

Бұған дейін орман өртіне байланысты көршілес Свердлов облысында төтенше жағдай жарияланды. Онда оқ-дәрі сақталатын қоймалар өртенген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы