Ресейдің Түмен облысында мұнай зауыты өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түмен облысындағы Антипин мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, деп хабарлады «Хабар 24» ТАСС-қа сілтеме жасап.
Агенттік дерекөзі Антипин мұнай өңдеу зауытында өрт шыққанын растап, өрттен зардап шеккендер жоқ екенін жазды. Антипин мұнау өңдеу зауыты – Ресейдің ірі тәуелсіз мұнай өңдеу кәсіпорны.
Ол Түменнің өндіріс аймағында орналасқан. Магистральдық мұнай құбырының қуаты жылына 7,5 млн тонна мұнай өндіреді. 2016 жылы Forbes рейтингісіне сәйкес, компания Ресейдегі 200 ірі жеке компания арасында табыс көлемі бойынша 43 орынға ие болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нью-Йоркте жасөспірімдерге бустерлік доза салына бастады
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы