Ресейдің санкциядан айналып өтуіне Қазақстан мүмкіндік бермейді - СІМ

Еліміздің ешбір компаниясына қайталама санция салынған жоқ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрліктің дәстүрлі брифингінде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифингте журналистер Bloomberg агенттігінде Ресей жағы санкцияларды айналып, тыйым салынған технологияларды алып жатқаны туралы сұрақ қойды.

Елімізде барлық келісімшарттарды алдын ала зерттейтін мамандар мен сарапшылар бар. Атап айтқанда, Қазақстан санкцияларды айналып өтуі үшін аталған елге тиісті мүмкіндік жасамайды. Қазіргі кезде Қазақстандағы ешбір компанияға қайталама санкция салынған жоқ, - деді А. Смадияров.

Еске сала кетейік, осыған дейін Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадиярованың елге оралғанын айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы