Ведомствоның мәліметінше, Р-239 "Қазан – Орынбор – Ақбұлақ" автожолының 451-шақырымында Toyota және Mazda маркалы шетелдік автокөліктер соқтығысқан. Соның салдарынан төрт адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды.
Абдулин ауданаралық прокуратурасы төрт адамның қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеріс ұйымдастырды, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ресейде жоғалған тікұшақ табылып, үш адамның қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.