10 Қазан 2026, 08:39 Фото: Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы

Ресейдің Кемеров облысында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 10 қазанда Астана уақытымен сағат 05:47-де болған.

Ресейдің Кемеров облысындағы Кузбасс өңірінде магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы BAQ.KZ Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 10 қазанда Астана уақытымен сағат 05:47-де болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 54,04 градусы мен шығыс бойлықтың 86,47 градусы аралығында орналасқан. Магнитудасы  – 5,2, энергетикалық класы – 11,8. Жер сілкінісінің ошағы 1 шақырым тереңдікте болған.

Айта кетейік, бұған дейін Панаманың оңтүстік жағалауында магнитудасы 7,6 балдық күшті жер сілкінісі тіркелген болатын. Осыдан кейін АҚШ Геологиялық қызметі цунами қаупі туралы ескерту жариялаған.