Ресейдің басты жауы: Путин британдық дипломаттарды елден шығарды
АҚШ-пен қарым-қатынасын жақсартқан Ресей басты қарсылас ретінде Ұлыбританияны атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәскеу британдық дипломаттарды елден шығарып, Лондонды Украинадағы бейбіт келіссөздерге кедергі келтіріп отыр деп айыптады.
Ресейдің сыртқы барлау қызметі Ұлыбританияны “соғысты қоздырушы ел” деп атап, қатаң мәлімдеме жасады.
Бүгінде Ұлыбритания өткен ғасырдағы екі дүниежүзілік соғыс қарсаңындағыдай әлемдегі басты “соғыс отын тұтатушы” болып отыр. Оларды әшкерелеп, Лондонға және оның басшылығына анық белгі беру керек: сіздердің жоспарларыңыз іске аспайды, - деді.
Сондай-ақ, Мәскеу Франция президенті Эммануэль Макронның Еуропаға ядролық қорғаныс ұсыну туралы бастамасына да наразы екенін білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
178 дрон: Ресей Украинаға жойқын шабуыл жасады
Өзгелердің жаңалығы